17 жасар қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның ойынын Халықаралық шахмат Федерациясы (ФИДЕ) ерекше бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Федерацияның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
ФИДЕ пікірінше, Бибісара Асаубаева онлайн-олимпиаданың үздік бомбардирлерінің бірі болды.
"Қазақстан жартылай финалға өтпегендіктен, біз жоғары дивизионда 7-ден 7 ұпай жинаған Бибісара Асаубаевамен қоштасуымыз керек, ол ширек финалда екі жылдам ойынды жеңіп, тек блиц-тай - брейкте АҚШ командасынан жеңілді",- делінген хабарламада.
Асаубаевадан басқа федерация тарапынан Қытай шахматшысы, әйелдер арасындағы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, 14 жасында гроссмейстер атағына қол жеткізген Үнді шахмат продюсері, Нихал Сарина және ресейлік шахматшы Валентина Гунина ойындары ерекше бағаланды.
Бибісара Асаубаева - қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы гроссмейстер және ерлер арасындағы IM ФИДЕ халықаралық шебері. 2011 жылы екі әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін 7 жасында ең жас Fide Master атағының иегері атанған.
1372 рет оқылды