16 нау, 2026 сағат 10:26

Референдум: exit pol нәтижесі шықты

Фото: zakon.kz
Жаңа Конституция бойынша референдумның exit poll нәтижесі шықты, деп хабарлайды Ult.kz.

Еуразиялық интеграция институты жариялаған exit poll деректері бойынша референдумға қатысқан құқығы бар азаматтар жаңа Конституциядағы ұсынылған өзгерістерді 86,7% қолдады.

Ал «Социс-А» әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша қатысқандардың 87,4% Жаңа Конституцияға иә деп дауыс берген.

ОСК мәліметінше, референдумға қатысушылардың 73,24% дауыс берген.