Еуропалық одақ Орталық Азиядағы Арнайы өкілі мен өңірдегі делегациялары арқылы Қырғызстан мен Тәжікстан билігімен тұрақты дипломатиялық қатынас жүргізіп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ЕО бейсенбі күні Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанның оқ жаудыруды тоқтату және алдағы уақытта шекара мәселесін саяси реттеу бойынша келіссөздер жүргізу туралы қол жеткізген келісімін құптайды.
«Біз соңғы күндері орын алған зорлық туралы мәліметтерді көңілсіз қабылдап, туыстары мен достарынан айырылған жандарға қайғырып көңіл айтамыз», деп хабарлайды Еуропалық одақ.
Жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін келісім шығару қажет. Екі тарап та болашақта қандай да бір жанжалдан аулақ болу үшін барлық тиісті қадамдар жасауы тиіс.
«ЕО қажеттілік туындаған жағдайда шекараны және су ресурстарын басқарумен, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегияның басты басымдығы болып табылатын аймақтың тұрақтылығы мен гүлденуін саяси қолдауға байланысты аймақтық бағдарламаларының аясында техникалық көмегін көрсетуге дайын», - деп атап өтті Еуропалық комиссияның өкілі Петер Стано.
