13 шіл, 2023 сағат 13:26

Есірткі сатумен айналысқан күдікті Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратураның бейнежазбасынан алынған кадр

Есірткі сатумен айналысты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған. Содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін" - делінген ведомство хабарламасында.