02 нау, 2017 сағат 05:03

"Сүйем мен жезтырнақты дүниені..."

Әр дәуірде уақыт пен кезеңнің толқынысында, көне тарихтың түлеген тұсында һәм саналардың сілкенген сәтінде болмысы бөлек, талайы басқа жаңа тұлғалар дүние есігін ашады. Біз үшін Есенғали Раушанов – қазақ өлеңін жаңа биікке көтерген ерекше құбылыс. Ол қазақы қара өлеңге жаңаша түр беріп, ұлттық бояуды әлем әдебиеті үлгілерімен шебер астастыра білген суреткер.

Шын ақын өз уақытында қадірленуі керек. Ең болмаса өзінің емес, өлеңінің бағасын білетін жандардың барын білуі тиіс. Биыл Есенғали ақын алпыстың асқарына шығады. Өлең өлкесінде жүрген жастар айтулы датаны елеусіз қалдырмай, ақын өлеңдерін таспаға түсіруді жөн көрген болатын.

Есенғали Раушановтың өлеңдеріне түсірілген видеороликтерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Есенғали Раушановтың "Құлыншақ" атты өлеңі. Өлеңді оқыған: Бекжан Жолшыбек, Жандарбек Жұмағұл

Есенғали Раушановтың "Іңір" атты өлеңі. Өлеңді оқыған: Қадыр Аманбай.

Есенғали Раушанов. "Намазшамда көлеңкелер өледі". Өлеңді оқыған: Гүлім Садырбек.

Есенғали Раушанов. "Жаз не деп еді?". Өлеңді оқыған: Әсел Кәрібай.