Фото: Lada.kz
Бүгін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушанов атындағы стипендияны табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Іс-шараға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер, сондай-ақ «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік» атты республикалық экспедицияның мүшелері қатысты.
Стипендияға оқу үздіктерінің арасынан іріктеліп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Жәнібек Жолдыбаев лайық деп танылды. Марапатты Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов салтанатты түрде табыстады.
Сыйлықты қаржыландырып отырған — ұлттық мұраны қолдауға бағытталған Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры. Бұл бастама – әдебиетке бейім, қабілетті жастарды қолдап, Есенғали Раушановтай дара тұлғалардың рухани жолын жалғастыруға ынталандыру мақсатында жүзеге асып отыр.