01 мау, 2020 сағат 13:06

Ертең кей өңірлерде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Көкшетау қаласында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жел қарқыны - 15-18 м/с.

2 маусымда күндіз Қызылорда облысында 44 градус аптап ыстық болады. 

2 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан сощққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. 

2 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады. 

Ертең күндіз Атырау қаласында 35-37 аптап ыстық болады. 

2-4 маусым күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.