#
#
Cәрсенбі 05/08/2020

Ермек Серкебаев есімі өнер колледжіне беріледі

  • 14.01.2020
  • 0
  • 379

Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман Солтүстік Қазақстан облыстық тіл жанашырларымен кездесті. Облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Сағындықов ақсақал ұйымдастырып, облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында болған осы кездесуде көптеген мәселелер ашық айтылып, өкпе-наздар таудан құлаған селдей ақтарылды.

Соның ішінде қазақ тілінің азып бара жатқаны, қазақша оқытатын мектептердің өзінде балалардың тек орысша сөйлейтіндігі, мектеп басшылығының ана тілінде сөйлеуді талап етпейтіні - ата-аналар мен тіл жанашырлары тарапынан наразылық отын тудырды. Сөздің қорытындысында жиналғандар «Тіл туралы» заңды қатайтып, оны Президент Қ.Тоқаев талап еткен «этносаралық қатынас тілі» деңгейіне жеткізу қажеттігі айтылды. 

Тіл жанашырларын тек Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Кемел Оспанов жариялаған кейбір ақпараттар ғана сабасына түсіріп, ризашылықтарға бөледі. Соның ішінде Кемел Қарашаұлы қаладағы Өнер колледжіне атақты жерлесіміз Ермек Серкебаевтың есімі берілетін болды деген ақпаратқа жиналғандардың бәрі серпіліп қалды. Алайда бұл әлі түпкілікті шешілмеген мәселе екен, әзірге ол Білім мен ғылым, Мәдениет және Әділет министрлігі қолдапты. Енді қалған бюрократиялық кедергілерден өтуі керек екен. Сонша қиындатып, ешқандай қатысы жоқ министрліктер мен ведомстволардың келісімін алудың керегі жоқ еді деген сөзді шенеуніктің өзі де айтып қалды.

Сонымен бірге биыл Солтүстік Қазақстанның ауыл-селоларында 276 көшенің аттары өзгертілетін болыпты. Бұлар кешегі «күн көсемдер» мен олардың әйелдері мен жандайшаптарының атымен аталған көшелер. Солардың бәрі енді ғана өзгертіліп, дұрыс жолға салына бастаған екен.

"Егемен Қазақстан"

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар