20 қаз, 2017 сағат 11:43

Ерболат Досаев «Даму» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Ерболат Досаев «Даму» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 2017 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Ол 2016 жылдан бері «Даму» қоры Директорлар кеңесіне мүше.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған. 1987 жылы Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;

1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;

1998 ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001 ж. - Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;

2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;

2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен  Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі. 2013 жылғы 16 қаңтардан  Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 

2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 

2016 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды. 2016 жылғы 16 мамырдан бастап Директорлар Кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конститу-циясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.