24 мам, 2025 сағат 10:00

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті


Фото: әкімдік


Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.


- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.


Айта кетейік, ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалды.


Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.


Білімі:


1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.


Еңбек жолы:


1993-1994 жж. – «Іскер» МАӨҚ менеджері, «Вега» ШК директорының орынбасары.


1994-1996 жж. – «Акцепт» Фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры.


1996-1997 жж. – «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.


1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы.


1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Премьер-министрі кеңесшісі.


1999-2001 жж. – Қазақстан  құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі.


1998-2000 жж. – Қазақстан Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.


2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.


2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.


2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.


2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.


2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.


2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.


2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.


2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы.


2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.


2019 жылдың 26 ақпанынан Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы.


2022 жылдың 31 қаңтарынан Алматы қаласының әкімі болды.


Айта кетейік, Алматы мәслихаты бүгін қала әкімін сайлау үшін жиналады.