#
#
Сенбі 17/04/2021

Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ташкентке келді

  • 04.03.2021
  • 0
  • 89

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ташкентке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ералы Тоғжанов Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бехзод Мусаевпен Өзбекстан Үкіметінің ғимаратында келіссөз жүргізді. Кездесу барысында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу шараларын жалғастыру және эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, сонымен қатар денсаулық сақтау, ғылым және білім саласындағы дамуға басымдық бере отырып, қазақ-өзбек қатынастары дамуының болашақтағы мәселелері талқыланды.

«Пандемия басталған сәттен бастап барлық мемлекеттер жылдам шешімін табу керек проблемалық жағдайға тап болды. Біздің елде осы мәселелерді жедел шешуге бағытталған Премьер-министрдің басшылығымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Бірінші кезекте, әрине дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрды. Бүгінгі күні біз 900-ден астам дәрі-дәрмекті елімізде шығарамыз. 25 күннің ішінде біз Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі инфекциялық аурухана тұрғыздық. Қазір заманауи талаптарға сай келетін инфекциялық стационарлар еліміздің барлық өңірінде бар», - деді Е. Тоғжанов.

Ол коронавирус пандемиясы медициналық көмек көрсетудің шарттары мен жалпы денсаулық сақтау жүйесінің форматын өзгертуге мәжбүр еткенін айтты.

«Денсаулық сақтау жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды, кең мобильді және қолжетімділікті ескере отырып, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды. Цифрландыру арқылы бизнес ортаны қалыптастыру мақсатында Ashyq жобасы енгізіліп жатыр. Қарағандыда ресейлік «Спутник V» вакцинасының шығарылуы жолға қойылды, 10 мың доза вакцина өндірілді», - деді қазақстандық делегацияның басшысы.

Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы және соған байланысты қолданылып жатқан шаралар жөнінде сөз етті. Сонымен қатар Өзбекстанның фармацевтикалық саладағы жетістіктеріне тоқталып өтті.

«Эпидемиологиялық жағдайды негізге алына отырып, елдегі жедел жәрдем қызметі екі есеге артты, барлығы 4 мың орындық бірнеше стационарлар салынды. Ең бастысы – барлық өңірде азаматтарды қабылдап, жедел түрде алғашқы көмек көрсететін, кейін тиісті емдеу шараларын белгілейтін үлестіру орталықтарының қызметтері іске қосылды. Қазіргі кезде Өзбекстанның фармацевтикалық саладағы жетістіктерін ескере отырып, Қазақстанның осы саладағы тәжірибесіне қызығушылық танытудамыз», - деді Б. Мусаев.

Келіссөз барысында қазақстандық делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Александр Цой, Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар