12 қаз, 2021 сағат 23:36

Эльжана Танеева көркем гимнастикадан әлем біріншілігіне қатысады


27-31 қазан аралығында Жапонияның Китакюсю қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі сынға Әлия Юсупова жаттықтыратын Қазақстан командасы да қатысады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жекелей сында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. Олар - Эльжана Таниева мен Ділназ Байленова. 

Топтық жаттығуда Айдана Шаяхметова, Даяна Шаяхметова, Милана Будник, Алина Чернышева, Айсұлу Мырзағалиева, Сағина Мұратқызы бақ сынайды. 

Айта кетелік, жекелей сында өнер көрсететін Эльжана Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика орталығында жаттығуда. Ал тағы бір талантты спортшы Сабина Бакатова жарақатына байланысты әлемдік сыннан сырт қалмақ.