15 қаң, 2022 сағат 16:37

Елорданың Урбанистика орталығы LRT жобасы бойынша ұсыныстар қабылдай бастады


Елорда әкімдігінің Урбанистика орталығы LRT жобасының алдағы мәселесін талқылауға қызығушылық танытқан көлік қызметкерлерін, инженерлерді, құрылысшыларды, сәулетшілерді, урбанистерді және т.б. мамандарды шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсыныстар мен идеялардың бәрін, жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқаларын орталықтандырылған Урбанистика орталығының ресми поштасына жіберуге болады - Centerofurbanism@gmail.com.

Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша Урбанистика орталығына LRT жобасын пайдалану нұсқаларын талқылау үшін авторлар/қауымдастықтар шақырылатын болады.