28 нау, 2020 сағат 10:36

Елордада тыныс алуы қиын адамдарға арналған қосымша бөлім ашылды

Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусында диагностика жасайтын қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Бұл туралы Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 наурыздан бастап Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусында диагностика жасайтын қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Ол пульмонология бойынша дерті бар адамдарға арналған. Ол жерде тыныс алу жолдарында аурулары бар адамдарға қосымша диагностика жасап, коронавирус бар-жоғы және емдеу жолдары анықталады. Осы мақсатта пульмонология бөлімі 150 төсекке көбейтілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.