17 мау, 2021 сағат 16:49

Елордада «Тұрмыс» алдын алу шарасы барысында 1500-ден астам адам жауапқа тартылды


9 маусымнан бері елордада отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы жедел алдын алу шарасы жүргізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласы Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел алдын алдын алу шарасы басталғалы бері полицейлер тұрғылықты жері бойынша полиция есепбінде тұрған 2600-ден астам азаматты тексерді. Оның ішінде 1 мыңнан астамы отбасында ұдайы жанжал шығаратындар. Үнемі жанжалдар болып тұратын отбасылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, әйелдерге олардың құқықтары түсіндіріліп, заңгерлік кеңестер мен психологиялық көмек көрсетіледі. 

Мысалы, «Сарыарқа» ауданының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлары жұбайы отбасында үнемі жанжал шығаратын отбасылық жұппен кездесті. Полицейлер 36 жастағы ер адамға қатысты тоғыз рет қорғау нұсқамасын шығарған, ол «спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлға» ретінде есепке алынған. Сот шешімі бойынша жанжалқойға қатысты ескерту жасалды және бір жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылды. Отағасымен профилактикалық әңгіме өткізілді, әйелге құқықтық көмек және заңгерлік кеңес көрсетілді.

«Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын жүргізу кезінде барлығы 1500-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 155 азамат отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әрекеттері үшін жазаланған. Оның ішінде сот шешімімен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 48 адам және соққыға жыққаны үшін 27 адам жауапқа тартылды.