Бүгін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мәжілісі аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» холдингімен бірлесіп «Тұрақты даму жолында: әлемді цифрландыру» тақырыбында онлайн-сессия өткізді. Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мәжілісі аясында өтті.
Нұр-Сұлтан қаласында онлайн ұйымдастырылған халықаралық жиында Қазақстан, Гватемала, Үндістан, Нигерия, Мексика, Аргентина және Бангладеш сияқты елдердің алдыңғы қатарлы стартаптары ұсынылды. Цифрлы технологиялар мен деректердің барлық әлеуетін ашуға көмектесетін стартаптар цифрлы даму саласындағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға сай келеді.
Аталған онлайн шарада саяси көшбасшылар, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірге, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, GIGA жобасының жетекшісі, UNICEF Innovation аға кеңесшісі Кристофер Фабиан, еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрлы саланы дамытудың өзекті және перспективалы трендтері бойынша сөз сөйледі.
«COVID-19 пандемиясы бізге әлемнің өзгергенін және цифрландыруға бет алғанын көрсетті. Сондықтан пандемия барысында алған сабақтарымызды, жинаған тәжірибемізді ескере отырып «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Уақыт талабына сәйкес біз елдің цифрлы дамуының бес басым бағытын айқындадық. Атап айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымын дамыту; цифрлы үкіметті дамыту; халықтың цифрлы сауатын арттыру; цифрлы кеңістікте қауіпсіздікті және құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету; экономика салаларын цифрландыру және ауқымды деректерді енгізу», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде халықтың 97 пайызы интернетке қол жеткізген. Цифрлы сауаттылық деңгейі 82,1 пайыз болса, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 83 пайызға жеткен. Айта кетейік, БҰҰ рейтингінде Қазақстан «Электронды үкіметті» дамыту бойынша 193 елдің ішінде 29-орынды алады.
«Бірінші мынадай мәселелерді шешуді ұсынамын: біріншіден, мемлекетаралық электронды құжат айналымын реттеу қажет. Екіншіден, автокөлік саудасына қатысты мәселе бар. Көліктер бір елден сатып алынып, екінші елде ереже бұзады, ал оның айыппұлын кімнен алу керектігін білмейміз. Міне, осы екі кейсті алға тартып, мен әрбір елге бастапқыда кем дегенде, осындай 10 сервисті таңдауды ұсындым, оны бәріміз бірлесіп пысықтап, интеграциялауымыз керек, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мәжілісі аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» холдингімен бірлесіп «Тұрақты даму жолында: әлемді цифрландыру» тақырыбында онлайн-сессия өткізді. Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мәжілісі аясында өтті. Нұр-Сұлтан қаласында онлайн ұйымдастырылған халықаралық жиында Қазақстан, Гватемала, Үндістан, Нигерия, Мексика, Аргентина және Бангладеш сияқты елдердің алдыңғы қатарлы стартаптары ұсынылды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда елімізде халықтың 97 пайызы интернетке қол жеткізген. Цифрлы сауаттылық деңгейі 82,1 пайыз болса, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 83 пайызға жеткен. Айта кетейік, БҰҰ рейтингінде Қазақстан «Электронды үкіметті» дамыту бойынша 193 елдің ішінде 29-орынды алады.