
Елордада 1 наурыздан бастап Р. Қошқарбаев даңғылы бойында Қ. Аманжолов көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін орналасқан бірқатар жергілікті өтпе жолдың учаскесінде біржақты қозғалысты енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Аталған учаскелерде көлік қозғалысының күрделенуіне байланысты көптеген шағымдармен тұрғындар әкімдікке өтінім жасағаннан кейін осындай шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Осы орайда бұл учаскелердің жол-техникалық жағдайына зерттеу жүргізіліп, біржақты қозғалыс енгізу туралы ұсыныс қабылданды.
Бұл өзгерістер жолдағы көлік қозғалысы жолақтарын тиімді пайдалануға, қараңғы кезде қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру, көлік желісіне кері әсер етіп тұрған жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
