Елордада «Омикрон» және «Дельта» штамының таралуы үстем екені айтылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус инфекциясы таралуының төмендеуі мен карантин талаптарының жеңілдеуіне қарамастан, оның мутациялануы тоқтаған емес. Соңғы рет жүргізілген секвенирлеу нәтижесі бойынша биыл қаңтар айынан бастап елордада омикрон-штамының таралуы үстем. Сонымен қатар қалада «Дельта» штамының таралуы 29,4% -ға жетті. Аталған штамм түрлерін жұқтырудың соңы көп жағдайда өлімге алып келеді», - С. Бейсенова елорда әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда бас санитар дәрігер карантин талаптарын сақтау және екпе алу керектігін еске салды.
«Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,4 есе, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 84,6-дан 33,9-ға дейін төмендеуі тіркелді. Өткен тәулікте 43 жағдай тіркелді. Коронавирустық инфекцияның даму қарқыны бойынша RT репродуктивті саны 0,52 құрайды», - дейді ол.
Бұған дейін 500 мыңға жуық астаналықтың індетке қарсы вакцина алғанын хабарлаған едік.