01 қыр, 2023 сағат 12:26

Елордада мешіттен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

Фото: Polisia.kz

Елордада мешіттен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысының 34 жастағы тумасын ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен қолға түсірген.

Аталған азамат тергеп тексеру барысында кешкі уақытта елордадағы мешіттердің бірінде Redmi 7 көк түсті телефонын жасырын ұрлап кеткені белгілі болған. Келтірілген шығын 80 мың теңгені құраған.

"Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін мойындап, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр" - делінген хабарламада.