03 ақп, 2021 сағат 11:25

Елордада қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүретін болады

Елорданың қоғамдық көліктері штаттық режимдегі жұмыс кестесіне оралады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми cайтына сілтеме жасап.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2 ақпанда күшіне енген жаңа қаулысына сәйкес елордада автобустар жексенбі күні де жүреді.

«Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (шұғыл уақытта автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушылар үшін антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі) штаттық режимде жұмыс кестесі белгілене отырып қамтамасыз етілуі тиіс», - делінген қаулыда.