#
#
Жұма 14/08/2020

Елордада кейбір рейс кейінге қалдырылды

  • 10.12.2019
  • 0
  • 309

Елордада кейбір рейс кейінге қалдырылып, жолаушылар уақытында ұшып кете алмай жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәселен, Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға ұшақ бүгін таңғы 04.00-де ұшып кетуі тиіс болған. Алайда рейс кешкі 19.00-ге шегеріліп, жолаушылар ұшаққа енді жайғасты. Әлеуметтік желілерде қалың тұманның салдарынан кейбір рейстер мүлде тоқтап, кейбірі кешіктіріліп жатқаны жазылуда. Мәселенің мән-жайын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан біліп көрдік.

«Дәл қазіргі уақытта Үрімжі, Ыстанбұл қалаларына ұшатын ұшақтар белгіленген уақыттан кешігіп ұшқалы жатыр. Әйтпесе, әуежай штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Бізде ұшып келетін рейстерге байланысты кешіктіру жағдайлары болды. Себебі, басқа жақтардан кейбір ұшақтар әуежайға жай ұшып келді. Ұшу-қону жолақтарының бәрі ашық. Күні кеше Алматыда тұман болды деп, онда рейстердің кешіктірілгені хабарланған еді. Тиісінше, ол жағдай бізге де әсер етеді. Бізге келген ұшақтар кесте бойынша ұшып жатыр», - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар