Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«19.02.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, таңертең бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына және 1-2 курс колледж студенттеріне де сабақ тоқтатылған еді.