#
#
Cәрсенбі 05/08/2020

Елордада АӘК-ті 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы алды

  • 14.01.2020
  • 0
  • 366

Елордада 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа түрі бойынша жәрдемақы алды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек беру тетіктерін түзетіп, кешенді шаралар әзірледі», - дейді Сәуле Нұрғожина.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан көп балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізілді.

«Балалардың санына байланысты әр отбасы үшін кірісті есептемегенде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақы төлеуде жеке санатқа шығарылды. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында аталған жәрдемақы тағайындалып, берілді. Елордада жаңа жәрдемақыны 15 мыңға жуық көпбалалы отбасы алды. Жәрдемақы табысқа қарамастан, жанұядағы балалар санына сараланған мөлшерде төленеді. 4 балаға - 42496 теңге, 5 балаға - 53127 теңге, 6 балаға - 63757 теңге, 7 және одан да көп балаға - 74388 теңге», - дейді ол.

Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша кеңес беретін анықтама қызметі іске қосылған. Барлық сұрақтар бойынша 14111414 нөміріне хабарласуға болады.

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр және Алматы аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдануда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар