04 ақп, 2021 сағат 12:03

Елордада 12-ші қабаттан секірмек болған жігіт құтқарылды

Елорда полицейлері тұрғын үйдің 12-ші қабатынан секірмек болған жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«102» пультіне Тілендиев көшесі бойындағы тұрғын үйдің 12-ші қабатынан ер адам секіруге әрекет жасағандығы туралы куәгерлерден хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барды», - делінген Polisia.kz мәліметінде. 

Полиция аталған тұрғын үйге жеткен кезде жас жігіт балкон қоршауының үстіне шығып алғаны анықталды. Патрульдік полиция полкі взводының командирі Әділжан Мұсылманбеков жоғары қабыттан секіруге талпынған жігіттің назарын өзіне аударып, қолайлы сәтте оны балконның ішіне қарай тартып алды. 

Медициналық куәландыру нәтижесінде 26 жастағы жігіт алкогольдік ішімдікке масайғаны анықталды. Отбасылық жанжалдан кейін 12-ші қабаттан секірмек болған. Ол полицияның аудандық бөліміне жеткізіліп, ол жерге психологтар шақыртылды.