23 қыр, 2022 сағат 17:38

Елорда тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген


Елорда тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген. 23 жастағы жас жігіт 6 адамды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдіктінің OLX хабарландыруы арқылы жоқ пәтерлерді жалға беру туралы жарнама орналастырғаны анықталған. Жәбірленушілер қымбат емес бағаны көріп, хабарландыру бойынша қоңырау шалған.

Күдікті телефонмен сөйлескенде өте сыпайы боп, алдын ала төлем жасау керек деп шарт қойған. Жас жігіт ақшаны алғаннан кейін бірден жарнамаларды алып тастап, телефон нөмірін ауыстырған. Оның бұрын риэлтор болып жұмыс істегені де белгілі болды.

Осылайша 6 азамат алаяқтың айласына түсіп, оған 30 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, сондай-ақ басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр.