Нұр-Сұлтанда ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен жайма арқылы түспек болып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға 26 қаңтарда Құдайбердіұлы даңғылында болған.
"Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оның 9-қабаттың балконынан төмен түсуге тырысқаны анықталды", - деді полиция қызметкері.