19 нау, 2020 сағат 09:14

Елорда маңындағы карантинге жататын кент тұрғындары қалаға кіріп-шыға алады - Көлгінов

Елордада карантин жариялануына байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елордада карантин жарияланды. Қаланың кіреберісінде блокбекеттер орнатылған. Карантинді аймаққа жататын қала маңындағы кенттердің тұрғындары қалаға кіріп-шыға алады. Алайда аса қажет болмаса үйден шықпаған жөн, қауіпсіздік шараларының барлығын сақтау керек», - деп жазды шаһар басшысы Instagram парақшасына. 

Алтай Көлгіновтың жазуынша, қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирус инфекциясы анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын. 

Айта кетейік, блок бекеттерде бақылау аймақтары мен қызмет көрсету пунктілері орнатылған.