25 қар, 2019 сағат 18:46

Елорда әкімдігі жылы аялдамалар санын көбейтуді жоспарлап отыр

Елорда әкімдігі жылы аялдамалар санын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым. Жылуы жоқ аялдамалар анықталды. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфуллин көшесіндегі "Жастар сарайы" аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды. Жылуы істемей тұрған аялдамаларды байқап жатсаңыздар, нақты орналасқан жерін айтуларыңызды сұраймын», - деп жазды елорда әкімі.

Сонымен қатар ол қала тұрғындарына жайлы болуы үшін жылы аялдамаларды көбірек салуды жоспарлап отырғандарын айтты.