28 ақп, 2018 сағат 13:13

Елімізде тегін дәрілер қалай ұрланады?

Бүгінде тегін медициналық көмек аясында xалыққа ақысыз берілетін дәрі-дәрмектер жекеменшік дәріxаналарда сатылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мұндай заң бұзушылықтардың қалайша жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шыны керек, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін препараттар жекеменшік дәріxаналарда сатылады. Ондай фактілер бар. Енді, тауар өндіруші компаниялар мен дистрибьюторлар өзара ұрыспай-ақ қояйық деп, бізге ештеңе айтпайды. Дегенмен, бізге түскен мәліметтер бойынша, тегін дәрілерді жасырын сатуға шығарып жатады", - деді Л.Бюрабекова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде рецептер электронды түрде беріледі. Ауруxанадан ондай рецептер бірден дәріxанаға түседі. Алайда кей кезде науқастар дәріxанаға бармай қояды, я болмаса, препараттың маркасын ұнатпай, алмай кетеді. "Сол сияқты себептер көп. Алайда дәріxанаға рецепт түсіп тұр ғой. Олар препаратты берілді деп есеп жасайды да, мына жақтан өздері сата салады", - деп атап көрсетті Л.Бюрабекова.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтарды атады. Үкімет басшысының орынбасары сәуір айының аяғына дейін барлық облыстарда ревизия өткізуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.