24 нау, 2020 сағат 07:22

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 66 болды

Алматыда тағы екі адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Шамамен бір сағат бұрын министрлік Нұр-Сұлтанда екі адамнан вирус табылғанын хабарлаған

24 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 66 адамға жетті. Алматыда - 28 адам, Нұр-Сұлтанда - 34 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе қаласында 1 адам емделіп жатыр.

Айта кетейік, Елімізде коронавирусқа қатысты 13 наурыз күні төтенше жағдай режимі енгізілді. Оған сәйкес театрлар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтаған болатын.

Кеше, 23 наурыз күні өңірлерде аумағы 2 мың шаршы метрден кем емес ірі сауда ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын әдеттегі режим бойынша жалғастырады. Аулалардағы дүкендер де жұмысын тоқтатпайды. 

Азық-түлік емес базарлар сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитарлық шаралар күшейтіледі. 

Өзгеріс карантин жарияланған астана мен Алматы қалаларынан басқа аумақта қолданылады. Алайда әкім мен бас санитар дәрігердің шешімімен қосымша шектеу енгізілуі мүмкін.