30 сәу, 2021 сағат 15:15

Елбасының бастамасымен жаңа қайырымдылық жобасы қолға алынды


Әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтар «Елбасы жылуы» акциясы аясында көмек алатын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Дегдар» қайырымдылық қоры азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де. 

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау үшін «Birgemiz» қоры құрылған болатын.