11 мам, 2021 сағат 19:04

Елбасы «Яссы» ботаникалық бағына барды



Тұңғыш Президент назарына ботаникалық бақтың даму жоспары ұсынылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасын жүзеге асыру туралы баяндалды, деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.



Айта кетейік, «Яссы» ботаникалық бағының жалпы ауданы - 7,7 гектар. Бақтың орталық бөлігі раушан гүлдерден және аршадан жасалған ислам ою-өрнектері бейнесіндегі үлкен лабиринтпен безендірілген. Саябақ ішінде раушан гүлдерден ислам паттерндеріне ұқсас гүлзарлар бар.

Бұл жерге мыңға жуық ағаш егілген, оның 800-ден астамы шие, алма, талшын, долана, қызғалдақ ағашы сынды гүлдейтін сәнді өсімдіктер.