29 қар, 2016 сағат 08:55

Елбасы Ресейдің әлеуетіне қатысты пікір білдірді

- «Россия 24» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің әлеуетіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

«Егер ресейлік қоғам жайында айтар болсақ, онда Ресейдің әлемдегі территориясы ең үлкен ел екендігін айтуға тура келеді. Ресей табиғи ресурстарға да барынша бай. Ресейдің талантты, еңбексүйгіш, отаншыл халқы бар. Ресей өзінің жолында кездескен қандай ауырпалықтарды еңсермеді. Қазір де ол тік тұрып, ұлы елге айнала алады. Сондықтан барлығы да осымен айналысуы қажет», - деді Назарбаев.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті КСРО-ның күйреу себептерін талқылаудан арылып, тең құқылы негізде тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты сақтау және нығайту қажеттігін баса айтты.