29 қар, 2021 сағат 19:30

Ел тұрғындары желтоқсан айында қанша күн демалады?


көрнекі сурет

Қазақстандықтар желтоқсан айында 11 күн демалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл айда Қазақстанда екі мемлекеттік мереке аталып өтіледі. Оның бірі – ҚР Тұңғыш Президенті күні, ал екіншісі – Қазақстанның Тәуелсіздік күні. Ел тұрғындары бұл екі атаулы күнде де демалады. 

Биыл ҚР Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсан, яғни сәрсенбіге түсіп отыр. 

Ал Тәуелсіздік мерекесіне орай 16 және 17 желтоқсан күндері ресми демалыс күні болып бекітілген. Осы жолы бұл даталар бейсенбі мен жұма күндеріне түседі. Демек, қазақстандықтар үшін 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері - демалыс. 

Мұнан бөлек, мемлекеттік мерекелерді қоспағанда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарды 8 демалыс күні күтіп тұр. 

Яғни, алдағы айда ел азаматтары 20 күн ғана жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, 31 желтоқсан күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс күні саналады.