Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында белгілі болды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңес барысында «Экспо-2017» жаңа технологияларын ғылым, ауыл шаруашылығы, ақпарат және коммуникациялар, темір жол саласында, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, азаматтық авиация, сондай-ақ, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінде қолдану мәселелері талқыланды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінің жүргізген жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды.
Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі ұлттық компаниялардан сарапшыларды тарту арқылы жұмыс тобын құрған. Көрмеден 105 шетелдік және 28 отандық технологиялар іріктеліп алынған.
Ұлттық компаниялар 25 технологияны, өңірлердің әкімдіктері – 85 технологияны таңдап алған. Арнайы жол карталары әзірленіп, бекітілген. Мұнай және газ саласында 25 жобаны, электр энергетикасында – 24, көмір саласында – 5 және экология саласында – 36 жобаны іске асыру жоспарда бар.