Фото: Бас прокуратура
Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"15 маусым Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн. тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды" - делінген хабарламада.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталған.
"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды" - делінген ведомство хабарламасында.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.