21 ақп, 2019 сағат 13:33

Экономикалық саясатың басым бағыты - азық-түлік қауіпсіздігі

Мемлекеттің қауіпсіздігі - экономикалық қауіпсіздікпен байланысты. Ал, азық-түлік қамтамасыз ету жүйесі бір-бірімен байланысқан функционалдық, ұйымдастырушылық, ресурстық және технологиялық белгілері бар құрылымдық жүйелер ретінде қарастыруға болады.

Бірінші жүйе тамақтану дәстүрі мен табиғи климаттық жағдайды ескере отырып әртүрлі топтағы тұрғындар үшін тамақ өнімдерін тұтыну мөлшерін нақтылауды кіргізетін, сонымен қатар азық-түлікке қажеттіліктің әсер ету факторларын нақтылайтын, тамақ өнімдеріне қажеттіліктерді анықтау болып табылады.

Екінші жүйе мемлекеттік азық-түлік резервін және азық-түлік қорын құру арқылы елдің азық-түлік ресурстарын (қорларын) қалыптастыруға бағытталған; халықты тамақ өнімімен қамтамасыз ету; азық-түліктің экспортын ұлғайтып, импортын қысқарту; өнімнің сақталуын жоғарылату.

Үшінші жүйеге азық-түлік өндірісі жатқызылады, бұл жағдайда мемлекет өзінің тамақ өнімімен қаматамасыз ететін ауылшаруашылық өнім өндірісі көлемінің өсуі; тамақ өнімдері өндірісінің және ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу көлемін ұлғайуы; табиғи ортаны ұдайы өндіріс жағдайын қамтамасыз етуі; экологиялық таза өнімді өндіру параметрлері арқылы талдау жүргізіледі.

Төртінші жүйеде қарастырылған ассортименттер қажетті азық-түлік өнімдерін түсіру маусымдық және территориялар бойынша тең қамтамасыз ету арқылы; ауылшаруашылық өнімдері мен азықтүлік тауарлар нарығын қалыптастыру; ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарларды тасмалдау және сақтау жүйесін дамыту елдің аймақтары арасында азық-түлік ресурстарын бөлуде жүзеге асырылады.

Бесінші жүйе халықтың тамақтануын оңтайландыру және оның балансталған деңгейін жоғарылату, азық-түлік тауарлар ассортиментін жетілдіру, тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сапасын жоғарылату, барлық негізгі азық-түлік тауарларды ұтымды көлемде тұтыну жүйесі болып табылады.

Алтыншы жүйеге азық-түлікпен қамтамасыз ету үдерісін басқаруды жатқызуға болады. Мұнда ол бір-бірімен байланысты жүйе асты қызмет ететін; азықтүлік тауарларын қалыптастыру мен тауар қозғалысы мерзімдерін қысқарту; ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; басқару объектілерінің нақты жағдайын берілген нормативке сәйкестігін бақылауға және оны түзетуге бағытталған.

Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі біріншіден, ауыл шаруашылық өндіріс әлеуеті базасына байланысты және агроөнеркәсіп кешенін енгізетін азық-түлік өндірісі саласын инвестициялау. Азық-түлік қауіпсіздік жағдайын талдау ауылшаруашылық өндірісі деңгейінің жоғарылауына немесе соны қолдаумен байланысты мәселелерді мұқият білуді талап етеді.

Олардың арасында ең негізгісі: - халық саны; - азық-түлік өндірісі үшін жер базасы; - дақылдардың шығымдылығы және агросфералық күйі. Мемлекет пен аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жүйесін жүргізу қажет, сонымен қатар көрсеткіштер қатарын, жинау ретін, ақпараттардыөңдеу мен талдауды белгілеу. Қазақстандағы ауылшаруашылық өнім экспортын дамыту және тағам мен қайта өңдеу өндірісі өнімдері үшін келесідей шаралар кешенін жүзеге асыру қажет:

- экпорттық әлеуеттің дамуы мен импортты оңтайландыру жолдары арқылы АӨК өнімдері сыртқы саудада құрылымын өзгерту;

- мемлекетте дәстүрлі түрде өндірілетін өнімдер өнімдерін және оларды өндіретін шикізаттар импортын азайту;

- жетіспейтін көлемде отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге импортты квоталау жүйесін қолдану

- экспортты субсидиялау.

Азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету – ең алдымен, сыртқы саудаға байланысты ең аз тәуекелмен ішкі жеткізу жолдары арқылы қажеттеліктерді қанағаттандыру. Елдің азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесі жету үшін республиканың барлық әлеуметтік тұрғандар тобы үшін көптеген өнімдердің қол жетімділігіне кепілдік беру арқылы қол жетімді баға деңгейінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алуы мақсатында сапалы өнімдер өндірісін қалыптастыру қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігін қолдау және қамтамасыз ету мақсатында келесілерді дамыту қажет:

- ауылшаруашылық кешені экономикасын мемлекеттік реттеу;

- баға механизмі;

- қаржы-несие механизмі;

- салық жүйесі;

- агромаркетинг.

Сонымен, азық-түлік қауіпсіздігі – кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізін қалаушы вектор және экономикалық әлауқатының ажырамас бөлігі. Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық, экономикалық, экономикалық, әлеуметік, демографиялық және экологиялық факорлардың кең көлемін қамтитын болғандықтан, мемлекеттік саясатың басым бағыты болып саналады. Осыған байланысты мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жүйесі оның кепілділігін қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстар мобильділігіне негізделген азық-түлік қауіпсіздігімен тығыз байланысты.