Жергілікті бюджеттің шығыстары 2,1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жергілікті бюджеттің шығысы 2,1 трлн теңгені құрады. 28 млрд теңге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 1,9 теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. Ол үшін 1 мамырға 456 млрд теңге бөлінген. Оның 98,9% игерілген. 5 млрд теңге игерілмеген, оның 1 млрд теңгесі үнемделген болса, 4 млрд теңгесі игерілмеген», - дейді Ерлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасып отыр.
