Елімізде өнім сапасын бақылау жұмыстары күшейтілді. Бұдан былай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті ай сайын стандартқа сәйкес келмейтін өнімдер тізімін жариялайды.
Басты мақсат – өнімнің қауіпсіздік мониторингін жасау кезінде олардың қауіпсіздігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін өнімдер туралы тұтынушыларды ақпараттандыру. Сәйкес келмейтін өнімдер тізбесі комитет сайтында жаңартылып отырады және қолжетімділік үшін әрдайым ашық тұрады. Сонымен қатар жалған сертификатталған және сапасыз өнімдер туралы ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің цифрландыру басқармасы 10 шілдеге дейін осы сайттың әр өнімге және Open API-ке штрих-кодпен байланыстырылу жұмыстарымен айналысуда. Осының нәтижесінде тұтынушылар дүкенде тұрып, барлық өнімдердің жалған сертификатталғанын және сапа көрсеткішін тексере алады», - дейді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 22 тоннадан астам қауіпті азық-түлік өнімдері жойылады. Сондай-ақ, ай сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті 100-ден астам қауіпті өнімдер мен тауарларды анықтайды.
Айта кетейік, бұл бастама 2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім тізілімін жүргізу ережесі» заңнамалық деңгейі ережесі негізінде бекітілді. Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласын цифрландырылу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.