ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тамақ өнімдерінің сынамаларын алып, бірқатар кәсіпорында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің бұзылғанын анықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Анықталғандай, талапқа сай болмай шыққан азық-түлік өнімдерінің дені Ресей Федерациясында өндірілген.
Атап айтқанда, «СПК Курников» ЖШҚ-ның (РФ) «Крестьянский» құс етінен жасалған тартылған ет микробтық көрсеткіштер талабына сай болмаған. Сынама үшін өнімдер Атырау облысының сауда объектілерінен - № 9 қоймадан (Атырау қ., 1 к., 35 ст.), «Дамир» дүкенінен (Атырау қ., Көктем, 16), сондай-ақ «Аружан» дүкенінен (Құлсары қ., 5 участке) сатып алынды.
Бұдан бөлек, «Дамир» дүкенінен (Атырау облысы, Атырау қ., ш / а. Көктем, 16) сатып алынған «Благояр» балапан-бройлер сан етінің сынамасы да сондай нәтиже көрсетті. Ол - «Ставропольский бройлер» ЖАҚ (РФ) өнімдері.
Осы көрсеткіш бойынша «Арва С. А.» ЖК азық-түлік дүкенінен (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылы, 32) сатып алынған «Голландский» балқытылған ірімшік («Ак-Сүт»» ААҚ өнімі), «Бекарыс» дүкенінен (Атырау облысы, Миялы ауылы, Құнанбаев көшесі, 51) сатып алынған «Благояр» балапан-бройлер қанаты («Инжавинская птицефабрика» өнімі), «Сәлем» дүкенінен (Атырау облысы, Индербор ауылы, Ақжайық көшесі) алынған балапан-бройлер («Приосколье» ЖАҚ өнімі) сынамасы да қауіпсіздік талаптарынан өте алмады.
Сонымен қатар, «Полина» дүкенінде (Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 136) сатылып жатқан «КДВ Яшкино» ЖШҚ-ның (РФ) құлпынай джемі бар мини-круассандарының микробтық және зең көрсеткіштерінде сәйкессіздік анықталды. Ал «Продукты плюс» дүкенінен (Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесі, 104) сатып алынған сиыр етінен жасалған турама еттің сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды. Өндіруші - «Алимбеков Б.» жеке кәсіпкерлігі (ҚР).
Сондай-ақ, «Пикант» ЖШҚ (РФ) - № 9 қоймада (Атырау облысы, Атырау қ., 1 к., 35 бет) сатып алынған ысталып-пісірілген «Гурман» орамасының сынамасында S. Aureus анықталды. «ПИК» ЖШҚ (РФ) - «Диар» дүкенінен (Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Есмағамбетов көшесі, 46) сатып алынған «Старорусская» түйішікті уылдырық аналогының сынамасында ашытқы анықталды. Ал «Богородский мясоперерабатывающий комбинат» ЖШҚ (РФ) - «Аэлита» дүкенінен (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы) сатып алынған «Вкусно сытно» сиыр етінен жасалған тұшпараның сынамасында ішек таяқшасы тобының бактериялары, жалпы микробтық тұқымдану көрсеткішінің артуы анықталды.
«Қазіргі уақытта сауда объектілерінен қауіпті өнімді алып тастау бойынша шаралар, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда. Бұл ретте, комитет бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептерді анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді. Дүкен сөрелерінде аталған сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері аумақтық департаменттер бөлігінде kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген)», - делінген ресми хабараламада.