Қазір Нұр-Сұлтан қаласында дуальді оқытуға 34 мамандық және 60 біліктілік бойынша 26 колледж тартылған. Қаланың 189 кәсіпорнын тарта отырып, 3575 студент кәсіптік біліммен қамтылды. Осыған байланысты тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарын бюджеттен өтеу жоспарланып отыр.
Теорияны өндіріспен ұштастыра оқытуды көздейтін дуальды білім беру технологиясы алғаш Алманияда пайда болды. Кейіннен тиімділігін көрсетіп жан-жаққа тарады. Қазір бұл технологияның білім беру саласында орны ерекше. Әсіресе технология саласының мамандары үшін таптырмас жағдай.
Бұл технология бойынша студенттер уақыттың үштен екісін өндірістен үзбей жұмыс істейді, бірақ уақыттың тек үштен бірін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Елорда әкімдігінде "практика – теория" бойынша дуальді оқытудың оқу сағаттарының арақатынасы іс жүзінде 60 пайызға, теория бойынша 40 пайызға жеткенін растады.
Мамандардың айтынша, дуальды оқыту технологиясы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыс берушінің талаптарына толық жауап береді. Оған оқытудың өндірістік сұраныстарға барынша жақын болғаны ықпал етеді.
2020 жылы қала колледждерін 6603 түлек бітірді. Оның ішінде 6081-і жұмыспен қамтылған, бұл 92%-ды құрап отыр. Ал дуальды оқыту бойынша түлектер саны 728 адамды құрады. Оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 656 адам бітіріп шықты. Олардың жұмысқа орналасу деңгейі – 91%.
Демек, дуальды оқыту өз жемісін беріп жатыр. Себебі оның өз артықшылықтары да бар. Мысалы, түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші жоғары болады, өйткені оқу процесінде өндіріспен тығыз байланысты білім алушы жұмыс берушінің талаптарын меңгерген тәжірибесі бар.
Сонымен қатар білімді, болашақ маман жаңа ортаға бейімделген психологиялық тұрғыдан дайындалған маман болып шығады. Олар өндірісте өз бетінше шешім қабылдай алады. Теория мен практиканы игере отырып, бекітілген жұмыс үшін жауапкершілікті сезіне алады.
Дуальды оқытудың тағы бір ерекшелігі ретінде "тәжірибеден теорияға" принципі бойынша жұмыс істейтінін айтуға болады. Яғни, студент өндірісте көргенінен теориялық білім алады. Теория кезінде айтылуы мүмкін күрделі терминдер практика кезінде қолмен ұстап, көзбен көруге келеді.
Оқыту технологиясының тағы бір ерекшелігі – заман талаптарын меңгеру. Демек, өндірістегі кейінгі жаңалықтармен танысып, теорияны ғана емес, қазіргі заманның талаптарын да меңгеріп шығады.
Бұл бағыт бойынша тағы бір жаңашылдық – студенттің оқып жүрген кезде өндірісте жұмыс істегенін заңдастыру. Демек, оның сол аралықта жұмыс істегенін жұмыс өтіліне қосу мәселесі де қарастырылып жатыр. Қазір білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйырғына өзерістер мен толықтырулар енгізуде. Сол арқылы оқу жылдары еңбек өтілі болып есептелмек.
Айта кетейік, биылдан бастап кәсіпорындар базасында кәсіби тәжірибені ұйымдастыратын тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарын өтеу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазір Нұр-Сұлтан қаласында дуальді оқытуға 34 мамандық және 60 біліктілік бойынша 26 колледж тартылған. Қаланың 189 кәсіпорнын тарта отырып, 3575 студент кәсіптік біліммен қамтылды. Осыған байланысты тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарын бюджеттен өтеу жоспарланып отыр.
Теорияны өндіріспен ұштастыра оқытуды көздейтін дуальды білім беру технологиясы алғаш Алманияда пайда болды. Кейіннен тиімділігін көрсетіп жан-жаққа тарады. Қазір бұл технологияның білім беру саласында орны ерекше. Әсіресе технология саласының мамандары үшін таптырмас жағдай.