26 мам, 2022 сағат 16:40

Доллар қайта қымбаттады


Доллар 7 теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,22 теңгеге қымбаттап, 422,01 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 26 мамырдағы ресми бағамы 415,12 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 424,75 теңге, ал сатылымда - 428,69 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 423,34 теңгеден сатып алып, 426,23 теңгеден сатып жатыр.