15 ақп, 2023 сағат 16:45

Доллар бағамы 450 теңгеден төмен түсті

Фото:atpress.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 447,29 теңге болды. АҚШ валютасының бағамы 2022 жылдың маусымында ғана төмен болған.

Айта кетейік, доллардың 15 ақпандағы ресми бағамы - 451,17 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 447,13 теңге, сату – 451,32 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,48 теңгеден сатып алынып, 450,58 теңгеден сатылып жатыр.