07 мау, 2022 сағат 16:40

Доллар бағамы 430 теңгеден төмендеді


Доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,37 теңгеге төмендеп, 429,41 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 7 маусымдағы ресми бағамы 431,88 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 430,70 теңге, ал сатылымда - 434,18 теңге. Ал Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 420,79 теңгеден сатып алып, 432,02 теңгеден сатып жатыр.