08 қаң, 2017 сағат 14:50

Дина Елгезек. Экономика реттелмей - әлеуметтік сектор ілгерілемейді

Өркениетті елдерде сондай үрдіс бар дейді. Айналып кетейіндер-оу, алдымен сол өркениетті елдердің халқына жасаған қарапайым өмір сүру игіліктермен қамтысаңдаршы... Тұрғын-үймен қамты, әлеуметтік ахуалын ретте, сөз бостандығын шектеме, адами құқығын сақта, барлық жерде тәртіп орнат... Жалақысы күнкөрісіне жетпейтін, баспанасының жоқтығынан және жұмысының тұрақсыздығынан бір жылда бірнеше рет пәтер ауыстыратын халықтың жүріп-тұрғанын қадағалағыларың келеді тағы...

Діни терроризмнің шығу табиғатына үңілмейсіңдер ме, алдымен? Бүгінгі әлемнің үрейін қашырып, мазасын алған діни содырлардың түп-тамыры - әлеуметтік ахуалы төмен, адам құқығы Еуропадағы иттің құқығынан төмен, биліктегілер ғана байлықта шомылып, жұрты кедейліктен көз ашпаған, дамымай қалған елдерде емес пе? 

Таяу Шығыс пен Орта Шығыс елдері бойынша белгілі америкалық маман Вали Наср жазады: " Решение проблем Ближнего Востока и угроза, которую они представляют для мира, требуют фундаментальных перемен в экономической структуре региона. Международное сообщество должно было бы внести ощутимый вклад - план Маршалла в масштабе, - чтобы осуществить перемену такого размаха. Нам нужна ясная экономическая стратегия для региона - план по использованию помощи на развитие торговли и капиталовложений, чтобы помочь региону и также содействовать нашим собственным интересам. Это все хорошо известно США, они обеспечивали стабильность, содействовали процветанию и строили демократию в одном за другим регионах в мире после окончания Второй мировой войны. Но когда речь идет о Ближнем Востоке, Америка забывает об этом наследии. Она больше опирается на войну, чем на торговлю. " 

Американың әлгі аймақтағы жеңіліс сыры осында! 
Сол секілді, экономика реттелмей - әлеуметтік сектор ілгерілемейді. Ал елдің әлеуметтік ахуалын дұрыстамай, қоғам наразылықпен қабылдаған "уақытша тіркеу" секілді шаралармен діни экстремизмнің тамырына балта шабам деу әсте мүмкін емес және күлкілі...

Дина Елгезектің фэйсбуктағы парақшасынан