Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл - фейк, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
Бұл жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.
Парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» ғана шығарылады.
Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.