15 нау, 2017 сағат 11:35

Димаш қатысып жатқан ән байқауы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (Видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан Қытайдағы “I am a Singer” ән байқауы отандық телеарнадан таратылады.

Бұл туралы “Хабар” агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

“Қазақ елі дарындарын қолдайды! “Хабар” агенттігі Димаш ұлын қолдайды! Ештен кеш жақсы дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келсісөздер артта қалды. Алла қаласа жаңа көктемгі маусымнан бастап “Хабар” арнасы ҚХР-да өтіп жатқан “I am singer” жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымдарды отандық көрермен назарына ұсынатын болады. Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!”, - деп жазды Ринат Думанұлы.

 

Еске сала кетейік, “I am a Singer” жобасы - Хунань телеарнасынан көрсетілетін реалити-шоу форматындағы музыкалық байқау.