Фото: dimashnews.com
Женевада өткен Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) жыл сайынғы сессиясында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесі берілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл атақ оның мигранттарды қолдауға бағытталған көп жылғы гуманитарлық қызметі үшін табысталды.
2024–2025 жылдары Димаш ХКҰ-мен бірқатар жобаларда жұмыс істеп, мигранттардың құқықтарын қорғау, адам саудасына қарсы күрес және осал топтарды қолдау тақырыптарын көтерді. “Stranger” әлемдік туры кезінде ол түрлі қалаларда инклюзия мен тұрақтылықты насихаттап, ХКҰ миссиясын танытты.
Сессияда Димаш “S.O.S d’un terrien en détresse” әнін орындады. ХКҰ бас директоры Эми Поуп оның гуманитарлық бастамаларға қосқан үлесін жоғары бағалады.
