"Singer" байқауында жұлдызы жанған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген Еуропаға "жорығын" бастады. Ол Францияның әйгілі телевизиялық шоу бағдарламасында қонақта болды.
Әнші атақты әлем жұлдыздары ән шырқаған бағдарлама барысында өзіне ерекше танымалдық әкелген "S.O.S d'un terrien en détresse" әнін орындап, француздарды тәнті етті.
Естеріңізге сала кетейік, ол бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға қатысады. Туған қаласы Ақтөбеде Димаш атындағы бақ ашылды. Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады.