07 сәу, 2025 сағат 11:00

Депутаттар Жеңіс шеруіне дайындалып жатқан далалық лагерьде болды

Фото: e-hostory.kz

Мәжілістің бір топ депутаты Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге қатысатын әскери қызметшілер мен курсанттарды қарқынды оқыту жүріп жатқан дала лагеріне барды, деп хабарлайды Ult.kz.

Депутаттар жеке құрамның жағдайымен танысып, парадқа қатысушылармен және олардың командирлерімен тілдесті. Кездесуде әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін, медициналық қызметпен және тамақтануын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Халық қалаулылары дайындыққа қатысушылардың қызметіне алғыс айтып, Жеңіс шеруінің жоғары деңгейде өтетініне және игі іс-шараның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігін еске алу мен құрмет көрсетудің жарқын символына айналарына сенім білдірді.